Бублик танымал швейцариялық теннисшіні жарыс жолынан шығарды

Редактор
27.09.2024, 15:44

Матч бір сағаттан аз уақытта аяқталды

©x.com/atptour

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Бейжіңде өтіп жатқан ATP 500 турнирінде (26 қыркүйек - 2 қазан) жұптық сында жарыс жолын жалғастыруда.

Бублик испаниялық Педро Мартинеспен бірге қытайлық Бу Юнчакет пен танымал швейцариялық теннисші Станислас Вавринк жұбын ұтты - 6:3, 6:4.

Матч бір сағаттан аз уақытта аяқталды. Бублик пен Мартинестің ширек финалдағы қарсыластары енді анықталады.

Александр бұған дейін жекелей сында да бағын сынап, жарыстың бірінші айналымында 22 жастағы италиялық Флавио Коболлиге жол берді - 6:4, 1:6, 6:7.