Қазақстанның 18 жастағы теннисшісі Испаниядағы турнирдің финалына шықты

Редактор
28.09.2024, 19:48

Екінші теннисшіміз Аргентинада жұптық сайыста финалда ойнайды

ktf.kz

WTA рейтингінде 781-орында тұрған қазақстандық теннисші 18 жастағы Соня Жиенбаева Мадридте өтіп жатқан ITF W15 турнирінің финалына шықты. Ол Швейцариядан келген турнирдің бірінші ракеткасы Дженни Дерсті (419 WTA) 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңді. Соняның финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.

Ал Аргентинада өтіп жатқан ITF W50 топырақ турнирінде Жібек Құламбаева жұптық разрядта финалға шықты. Жартылай финалда қазақстандық спортшы италиялық серігі Николь Фоссемен бірге грекиялық Элени Христофи мен жапондық Юки Наитоны 5:7, 6:4, 10:8 есебімен жеңді.

Финалда Құламбаева/Фоссе жұбы бразилиялық Алвес және аргентиналық Риераға қарсы ойнайды.