Биыл Елена Рыбакина үш титулға қол жеткізді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орын) 19-22 желтоқсан аралығында Абу-Дабуде өтетін World Tennis League турниріне қатысады.
Еліміздің бірінші ракеткасынан бөлек бұл аламанға әйелдер арасында Ига Швентек, Арина Соболенко, Барбора Крейчикова, Жасмин Паолини, Мирра Андреева, Паула Бадоса және Каролин Гарсия секілді мықтылар қатысса, ерлер арасында Даниил Медведев, Андрей Рублев, Тейлор Фриц, Хуберт Хуркач, Каспер Рууд, Стефанос Циципас, Сумит Нагал және Ник Кирьос кортқа шығады.
Айта кетейік, биыл Елена Рыбакина үш титулға қол жеткізді: ол Брисбенде (Австралия), Абу-Дабиде (БАӘ) және Штутгартта (Германия) өткен аламандарда үздік шықты. Алайда Қазақстанның үздік теннисшісі бір жылда тоғыз турнирге қатысудан бас тартты.