Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Әмір Омарханов Қытайдағы турнирдің жеңімпазы атанды

Редактор
06.10.2024, 15:43

Енді ол әлемдегі ТОП-10 теннисшінің қатарына кіреді

әлеуметтік желі

Қытайда жасөспірімдер арасында өтіп жатқан екінші санаттағы ITF Juniors - J300 WANJU турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстанның 18 жасқа дейінгі бірінші ракеткасы, жасөспірімдер арасында әлемінің 15-ші ракеткасы Әмір Омарханов финалда ұлыбританиялық Оливер Бондингті (19 ITF Juniors) жеңді.

Бірінші сет тай-брейкте Бондинг алға шықты, алайда қазақ теннисшісі соңғы екі партияны 6:0 және 6:4 есебімен аяқтап, жеңіске жетті.

Бұл – Әмірдің ITF Juniors турнирлеріндегі алтыншы кубогы. Бұған дейін қарағандылық теннисші Таиландта (J300), Кореяда (J300), Египетте (J100), Грузияда (J60) және туған Қарағандыда (J60) өткен жарыстарда топ жарған еді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама