Юлия Путинцева Уханьдағы турнирде қытайлық теннисшіні жеңді

Редактор
08.10.2024, 14:42

Енді ол  әлемнің 18-ракеткасымен кездеседі

Видеодан кадр

Уханьдағы WTA 1000 санатындағы теннис турнирінің бірінші айналымындағы матч аяқталды. Әлемнің 32-ракеткасы, қазақстандық теннисші Юлия Путинцева рейтингте 250-ші орындағы қытайлық Чжан Шуайды жеңді.

Кездесу 6:4, 6:4 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Матч 1 сағат 14 минутқа созылды. Путинцева үш эйс жасап, бір қате жіберіп, бес брейк-пойнттың үшеуін жүзеге асырды. Оның қарсыласы бір эйс жасап, екі брейк-пойнттың біреуін жеңді.

Қазақстандық теннисші Уханьдағы турнирдің 1/16 финалында әлемнің 18-ракеткасы, хорватиялық Донна Векичпен кездеседі.

Материалда: