Елена Рыбакина әлемдік рейтингте төмендеді

Редактор
08.10.2024, 08:57

Қазақстанның үздік теннисшісі бір жылда тоғыз турнирге қатысудан бас тартты

championat.com

Қазақтан теннисшісі Елена Рыбакина әлемдік рейтингте нәтижесіне байланысты төмен сырғыды.

Ол WTA-ның жаңартылған тізімінде бір саты төмендеп, 5-орынға жайғасты. Теннисшінің орнына АҚШ теннисшісі Коко Гауфф тұрақтаған.

Әлем бойынша әйелдер арасында Польша өкілі Ига Швентек көш бастаса, екінші орында Арина Соболенко тұр. Ал АҚШ теннисшісі Джессика Пегула үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстан намысын қорғайтын Рыбакина шілде айының соңында Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартты. Одан кейін спортшы бірқатар жарыстарда сәтсіздікке ұшырады. Ол өзінің денсаулығына байланысты шағымын айтып, кейін емделіп жатқанын да жасырмады.

Енді Рыбакина желтоқсан айында БАӘ-де өтетін турнирде қатысады деп күтіліп отыр.

Бұған дейін отандық тағы бір теннисші Зарина рейтингте 81 саты жоғарылап, 490-шы орынға жайғасқан еді.