Зарина Дияс Түркиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Редактор
19.10.2024, 21:30

Финалға шығу үшін ол орыс теннисшісін жеңуі керек

архив: WTA

Ұзақ үзілістен кейін жуырда ғана кортқа қайта оралған қазақстандық теннисші Зарина Дияс Түркияның Кайсери қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты.

Әлемдік рейтингте 488-ші орында тұрған отандасымыз ширек финалда түрік теннисшісі Дениз Дилекпен өзара мықтыны анықтаған еді. Бұл сында Дияс 2:0 есебімен басымдық танытып, өз мүмкіндігін мүлт жібермеді.

Алғашқы сетте Зарина Диас 6:0 есебімен айқын жеңіске жетсе, екінші кезеңде 6:2 нәтижесін тіркеді.

Енді отандасымыз финал жолдамасын ресейлік Екатерина Маклаковамен бірге сарапқа салады. Айта кететін жайт, орыс спортшысы әлемдік рейтингте 485-ші орында тұр.