«Теннис сені сағынатын болады». Джокович пен Надаль бір-біріне қарсы соңғы матч өткізді

Редактор
20.10.2024, 11:30

Ойын 37 жастағы Джоковичтің жеңісімен аяқталды

Getty Images

Әлемдік теннистің аңыздары - серб Новак Джокович пен испаниялық Рафаэль Надаль соңғы рет бір-біріне қарсы матч өткізді. Бұл кездесу Six Kings Slam турнирінде үшінші орын үшін өтті.

Ойын 37 жастағы Джоковичтің жеңісімен аяқталды - 6:2, 7:6(5). Бұл екеуара соңғы текетірес еді. Себебі 38 жастағы испаниялық қарашада Малагада өтетін Дэвис кубогынан соң карьерасын аяқтайтынын айтқан.

«Соңғы би керемет өтті. Эмоцияға толы болды. Екеуміздің бәсекелестігіміздің мен үшін орны қашан да бөлек, Рафа. Теннис сені сағынады», - деп жазды Джокович матчтан кейін.

Бұл ойынның ресми мәртебесі болған жоқ. Жалпы, екеуі ресми турнирлерде 60 рет кездессе, соның 31-інде Новак жеңіске жеткен. Ал екеуі алғаш рет 18 жыл бұрын, яғни 2006 жылғы маусымда кездескен.