Құрамаға Зарина Диас оралды
Әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты – "Билли Джин Кинг" кубогының ресми сайтында Қазақстан мен Оңтүстік Корея құрамаларының плей-офф кезеңіндегі матчына қатысты өтінімдерін жариялады. Бұл туралы sportarena.kz жазды.
Қазақстан құрамасының намысын қорғайтындар:
Юлия Путинцева (әлемнің 29-шы ракеткасы)
Жібек Құламбаева (311)
Зарина Дияс (379)
Анна Данилина (жұптық санатта әлемнің 23-ші ракеткасы)
Байқағанымыздай, әлемдік рейтингте 5-орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы кезекті рет құрама атынан бақ сынамайды.
Оңтүстік Корея теннисшілері:
Да Ён Бак (324)
Со Хён Пак (374)
Ку Ён Ву (437)
Да Бин Ким (980)
Ойын 16-17 қараша күндері Астанада өтеді.