Қазақстанның үздік теннисшісі матч кезінде ракеткасын сындырып тастады (ВИДЕО)

Редактор
Бүгін, 00:17

Ол ашуға бой алдырып, эмоциясын жасыра алмады

Getty Images

Әлемнің 32-ракеткасы – қазақстандық теннисші Александр Бублик Базельде (Швейцария) өтіп жатқан АТР-500 турнирінің бірінші айналымында ракеткасын сындырып тастады.

Отандасымыз бірінші айналымда нидерландтық Ботик ван де Зандсхулппен (#67) кездескен болатын. Бублик бірінші сетті 6:3 есебімен ұтқанымен, екінші сетте 4:5 есебімен жеңіліп жатты және шешуші геймде қарсыласының брейк-пойнт жасауына жол берді. Сетті ұтылғанын түсінгенде ол ашуға бой алдырып, ракеткасын жерге ұрып сындырды.

Ал, үшінші кезеңде қазақстандық теннисші 0:4 есебімен жеңіліп жатып, матчты уақытынан бұрын тоқтатты. Ол денсаулығының сыр бергенін айтып, матчты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Бублик үшін Базель турнирі бірінші айналымнан аяқталып отыр.