Ресейлік спортшы Қазақстан азаматтығын алған соң әйелімен ажырасып кетті

Редактор
06.11.2024, 16:32

Екеуі әлеуметтік желіден бірге түскен фотоларын өшіріп тастады

vk.com/nastyapotapova2001

Ресейлік теннисші Александр Шевченко биыл ақпан айынан бастап Қазақстан намысын қорғай бастады. Бірақ оның бұл әрекеті отбасылық өміріне әсер еткен болуы әбден мүмкін. Себебі әйелі Анастасия Потаповамен ресми түрде ажырасып кетті.

Екеуі әлеуметтік желіден бірге түскен фотоларын өшіріп тастады. Сонымен қатар Потапова жағдайды түсіндірді.

«Бәріңе сәлем. Бұл жолы позитивті жаңалық болмай тұр. Өкінішке қарай, Александр екеуіміз екіге кету туралы шешім қабылдадық. Бұл өмір. Адамдар қосылады, ажырасады. Бөлек кетуіміздің себебін өзарамызда қалдыруды жөн көрдік. Енді бұл тақырыпта артық сұрақ қоймай, біздің шешімді сыйлағандарыңызды қалаймыз. Барлығыңызға махаббат тіледім!, - дейді Анастасия Потапова.

Айта кетейік, Шевченко 29 қараша 2000 жылы Ресейдің Ростов-на-Дону қаласында туған. Экс-жұбайы Потапова да кәсіби теннисші. Александр рейтингте 64-ші, Анастасия 32-ші орынға орналасқан.