2024 жылы жолы болмаған Елена Рыбакина әлемдегі ең бай теннисшілердің қатарына енді

06.12.2024, 10:13

Былтыр оның табысы биылғыдан әлдеқайда көп болған

Global Look Press

Қыздар теннисінен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина биылғы сәтсіздіктеріне қарамастан әлемдегі ең дәулетті 15 теннисшінің  қатарына енді.

Ал, ең бай теннисші – америкалық Кори Гауфф. Ол әлемдік рейтингте үшінші тұр. Жылдық табысы 30,4 млн долларды құрайды. Оның ішінде 9,4 миллион доллар жүлде ретінде, ал 21 миллион доллар демеушілік келісім-шарттан түскен.

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко болса 17,7 миллион доллар табысымен үздік бестікті түйіндеп тұр. Елена Рыбакина 7,9 млн доллармен 14-ші орында тұр.

Айта кету керек, былтыр Рыбакинаның жылдық табысы 9,5 млн долларды құрап, ол аталған тізімнің 9-шы сатысында болған еді. Биыл ол денсаулығына байланысты онға жуық жарыста өнер көрсете алмады. Ал, соңғы жылды қорытындылу турнирінде ол екі рет жеңіліп, топтық кезеңнен шыға алмады.