Бразилиялық теннисші өзінің гей екенін ашық мойындады

Редактор
10.12.2024, 15:04

Ол актер әрі модельге сезімін білдірді

instagram.com/Жоау Лукас Рейс

Бразилиялық теннисші Жоао Лукас Рейс (401) каминг-аут жасады. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Ол актер әрі модель Ги Сампайо Рикардомен түскен суретін салып, сезімін білдірген.

«Туған күніңмен! Бақытты өмір. Мен сені сүйемін», - деп жазба қалдырды спортшы.

Жоао – өзінің гомосексуал екенін карьерасын аяқтамай тұрып мойындаған алғашқы теннисші. 2003 жылы АТР рейтингінде 64-сатыға дейін жоғарылаған американдық Брайан Вехали карьерасын аяқтаған соң араға 10 жыл салып, яғни 2023 жылы каминг-аут жасаған.

Ал әйелдер теннисінде Билли Джин Кинг, Мартина Навратилова мен Амели Моресмо дәстүрлі емес жыныстық бейімі бар екенін айтқан.

Материалда: