«Мәскеуде жағдайымды жасамады»: Юлия Путинцева Қазақстанға алғысын айтты

Редактор
25.12.2024, 08:59

Ол ресейлік спорт шенеуніктеріне реніші барын жасырмады

WTA

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева 2012 жылы Қазақстан азаматтығын алып, біздің елдің атынан өнер көрсете бастаған болатын. Ол – Ресейден келген легионер. «Лучший теннисный подкаст» YouTube-каналына сұхбат берген теннисші Мәскеуде өзіне тиісті жағдайдың жасалмағанын айтты.

– Ресейдің федерациясына ренішің болды ма?

– Бір жағдайдың болғаны анық.

– Егер ол болмаса Қазақстанға келмес едің ғой?

– Қазір нақты айта алмаймын. Егер маған Мәскеуде тиісті жағдай жасалса бәлкім ешқайда кетпес пе едім. Бірақ, Қазақстанның арқасында мен қазір осындай деңгейге көтерілдім. Менің алаңсыз жаттығуы жасауыма, жарыстарға дайындалуыма жағдай жасалды, - деді Путинцева.

Айта кетейік, Юлия Путинцева әлемдік рейтингте 29-орында тұр. Ол 2012 жылы Қазақстан азаматтығын 17 жасында алды.