Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакина грек теннисшісін жеңіп, Қазақстанды плей-офф кезеңіне алып шықты

Редактор
30.12.2024, 13:38

Бұған дейін Александр Шевченко ұлттық құрамаға маңызды ұпайды әкелген еді

WTA

Аустралияда теннистен өтіп жатқан United Cup турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина грек қызы Мария Скккариді ойсырата жеңіп, команданы плей-офф кезеңіне алып шықты.

Рыбакина WTA рейтингінде алтыншы тұрса, Саккари 32-сатыда келеді. Екеуінің арасындағы матч 1 сағат 24 минутқа созылып, 6:4, 6:3 есебімен қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды.

Екі сетте Рыбакина 7 рет эйс жасап, небәрі бір рет дабл-фолға жол берсе, Саккаридің еншісінде 2 эйс, 6 дабл-фол.

Еске салайық, Грекия құрамасымен кездесудің бірінші ойыны Александр Шевченко мен Стефан Циципас арасында өтіп, қазақстандық теннисші жеңіске жетті. 

Осылайша, біздің құрама команда C тобында Испания мен Грекияны жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Жарнама
Жарнама