Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстан теннисшілері тарихында алғаш рет United Cup турнирінің жартылай финалына шықты

Редактор
01.01.2025, 13:41

Турнирдің жүлде қоры 11 170 000 долларды құрайды

Қазақстан теннис федерациясы

Теннистен Қазақстан құрамасы Аустралияда өтіп жатқан дәстүрлі United Cup-2025 турнирінің жартылай финалына шықты. Германиямен болған кездесуде алдымен Елена Рыбакина жеңіске жетсе, артынша Александр Шевченко неміс қарсыласынан басым түсті.

Әлемдік рейтингте 78-орында тұрған Шевченко Даниэль Мазурмен (254-орын) кездескен болатын. Матч үш сетке созылды, есеп – 6:7, 6:2, 6:2.

Айта кетейік, Александр Шевченко аталған турнирде барлығы үш ойын өткізді. Алғашқы кездесуінде испан Пабло Карреньо Бустадан (196-орын) ойсырай жеңілсе, екіншісінде грек Стефан Циципасты (11-орын) ұтып, турнир сенсациясын жасады.

Қазақстанның жартылай финалдағы қарсыласы енді анықталады. Турнирдің жүлде қоры 11 170 000 долларды құрайды.

Жарнама
Жарнама