Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Юлия Путинцева Аустралиядағы WTA 500 турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді

08.01.2025, 18:17

Ол рейтингтегі жағдайын да жақсартып жатыр

WTA

Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде Юлия Путинцева 1/8 финалда жеңіске жетті. Ол әлемнің бұрыңғы  2-ракеткасы, қазіргі таңда 40-орындағы тунистік Онс Джабермен кездесті.

Тартысты өткен бәсеке 6:2, 6:4 есебімен аяқталды. Енді ширек финалда отандасымыз ресейлік теннисші Диана Шнайдермен өзара мықтыны анықтайды.

Путинцева бұған дейін алғашқы кездесуінде әлемнің 19-шы ракеткасы хорватиялық Донна Векичті жеңген болатын. Осы екі жеңістен кейіг ол WTA рейтингіндегі жағдайын жақсартады, болжам бойынша 29-дан 25-орынға дейін көтерілуі тиіс.

Айта кетейік, осы турнирден кейін Путинцева Australian Open жарысына қатысады деп күтілуде.

Жарнама
Жарнама