Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Юлия Путинцева WTA 500 турнирінде жартылай финалға дейін жетіп, рекорд орнатты

Редактор
10.01.2025, 21:38

Қазақстандық теннисші 59 100 доллар көлемінде табыс тапты

ktf.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аделаидадағы WTA 500 турнирінде жартылай финалға дейін жетіп, WTA рейтингінде жеке рекордын жаңартты.

Юлия Путинцева Аустралияның Аделаида қаласында өткен WTA 500 турнирінде сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға дейін жетті. Осы турнирде қазақстандық теннисші 59 100 доллар көлемінде жүлде қоры мен 195 рейтингтік ұпай жинады. Нәтижесінде Юлия өз мансабындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, WTA рейтингінде 23-орынға көтерілді.

Турнир барысында Путинцева мықты қарсыластарын жеңді. 1/8 финалда ол хорватиялық Донна Векичті (турнир кезінде 19-орында) 6:2, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңіп шықты.

Ширек финалда тунистік Онс Жаберді (40-орында) 6:2, 6:4 есебімен тізе бүктірді, ал жартылай финалға өту жолында ресейлік Диана Шнайдерді (13-орында) 7:6, 6:7, 6:4 есебімен ұтты. Жартылай финалда бірінші нөмірлі Джессика Пегуладан (7-орында) 6:7, 3:6 есебімен жеңіліс тапқанына қарамастан, Юлия жоғары деңгейде ойын көрсетті.

Бұл Юлияның 2025 жылы қатысқан екінші турнирі. Алғашқысы Брисбенде (Австралия) өткен болатын, онда ол 1/8 финал кезеңінде жарыс жолынан шығып қалды.

Жарнама
Жарнама