Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Теннистен 19 жастағы қазақ қызы үшінші турнирінде топ жарды

Редактор
12.01.2025, 03:41

Қазақстанның өзге теннисшісі жасөспірімдер арасында финалға дейін жетті

Қазақстан теннис федерациясы

Түркиялық Илай Йорукпен жұптасып өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжібаева Анталияда өткен W15 санатындағы ITF сериясы турнирінің жеңімпазы атанды.

Финалдық матчта 19 жастағы Кенжебаева мен 23 жастағы Йорук неміс теннисшісі Мина Ходжич пен швейцариялық Мари Меттроны жеңді, есеп – 6:4, 5:7, 10:8.

Осылайша, Сандуғаш ITF турнирінде жұптық сында үшінші рет топ жарып отыр. Былтырдан бері Кенжібаева қазақстандық жас жаттықтырушы Артур Хайрутдиновтің қарамағында жаттығады.

Тағы бір қазақстандық Аружан Сағандықова ресейлік Мария Головинамен жұптасып, W15 санатындағы ITF турнирінің финалында Тунистің Монастирінде словениялық Зива Фалькнер мен сербиялық Рене Миловановичтен ұтылды, есеп – 4:6, 4:6.

Жекелей сында Аружан ширек финалға дейін жетіп, неміс Лара Шмидттен жеңіліп қалды (4:6, 5:7).

Жарнама
Жарнама