Бейбіт Жұқаев Португалия турнирінде қазақстандық теннисшіге қарсы ойнайды

Редактор
22.01.2025, 17:27

Отандастарымыз ширек финал жолдамасын сарапқа салады

ktf.kz

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Португалия турнирінде кезекті қарсыласынан басым түсті.

Оэйраш 3 турнирінің іріктеу кезеңінде ол португалиялық Гаштау Элиашты ұтты. Әлемдік рейтингте 244-ші орында тұрған отандасымыз 2:0 есебімен ойынды аяқтады.

Алғашты сетте Жұқаев 6:3 нәтижесін тіркесе, екінші партияда ол 6:2 есебімен алға шықты.

Енді турнирдің 1/8 финалында Жұқаев қазақстандық тағы бір теннисші Дмитрий Попкомен шеберлік байқасады. Попко әлемдік рейтингте 197-ші орынға жайғасқан.

0Кеше Жұқаев неміс теннисшісі Кристоф Негритуды 2:0 (7:6, 6:4) есебімен қапыда қалдырған болатын.

Бұдан сәл бұрын Жұқаев Оэйраш 2 турнирінде чилилік Матиас Сотоны, литвалық Эдас Бутливасты ұтқан еді. Алайда ол америкалық Александр Ковачевичке 2:0 есебімен жол берді.

Материалда: