Елена Рыбакинаны жеңген амиерикалық теннишсі Australian Open финалына шықты

Редактор
24.01.2025, 09:46

Финалда ол әлемнің бірінші ракеткасымен өзара мықтыны анықтайды

Getty Images

Америкалық теннишсі Мэдисон Киз Australian Open турнирінің жартылай финалында әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекті (Польша) жеңіп, ақтық сынға жолдама алды.

Матч 2 сағат 37 минутқа жалғасты. Үш сетке созылған ойында соңғы шешуші кезең тартысты өтті: есеп 6:6 болып, жеңімпаз тай-брейкте анықталды, қорытынды есеп – 5:7, 6:1, 7:6 (10:8).

Үш сетте Киз 7 эйс, 4 дабл-фол және 8 брейк-пойнт жасаса, Швентекте бірде-бір эйс жоқ. Есесіне 7 рет қателесіп, 16 брейк-пойнттың тек алтауын ғана пайдаланды.

Енді америкалық теннисші финалда әлемнің бірінші ракеткасы – беларусь қызы Арина Соболенкомен кортқа шығады.

Мэдисон Киз өз мансабында осымен екінші рет «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлердің финалына шығып отыр. Дегенмен, әлі чемпион болмаған.

Еске салайық, жарыстың ширек финалында қазақстандық Елена Рыбакина дәл осы америкалық теннишсіден жеңіліп қалған болатын.