Новак Джокович Australian Open турнирін жалғастырудан бас тартты

Редактор
24.01.2025, 11:00

Оның денсаулығы сыр берген

Getty Images

37 жастағы сербиялық теннисші Новак Джокович Australian Open-2025 турниріндегі жарыс жолын аяқтады. Ол Александр Зверевпен өтіп жатқан жартылай финалды жалғастырудан бас тартты. 

Бірінші сет неміс теннисшісінің жеңісімен аяқталған – 6:7 (5:7). Мұнан кейін серб Джокович кортқа шығудан бас тартты.

Есте болса, ширек финалда испаниялық Карлос Алькараспен өткен ойында да Джокович денсаулығына байланысты шағым айтып, медициналық тайм-аут алған болатын. Десе де, ол матчта Новак ойынды соңына дейін жеткізіп, жеңіске жетті. Бұл матч 3 сағат 35 минутқа созылып, 4:6, 6:4, 6:3, 6:4 есебімен аяқталған еді.

Осылайша, Александр Зверев финалға тікелей жолдама алды. Ал оның қарсыласы италиялық Янник Синнер мен американдық Бен Шелтон арасындағы матчта анықталды.