Юлия Путинцева рейтингтегі жағдайын жақсартты
Дүниежүзілік әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) теннисшілердің рейтингін жаңартты. Жуырда ғана Дубайдағы ірі турнирдің жартылай финалында жеңілген Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина тізімдегі жетінші орнын сақтап қалды.
Алғашқы үштік өзгеріссіз қалып отыр. Дәл сол Дубайдағы турнирде жеңілген Арина Соболенко (Беларусь) – бірінші, Ига Швентек (Польша) – екінші және Кори Гауфф (АҚШ) үшінші орынға жайғасқан.
Ал, Қазақстанның екінші ракеткасы саналатын Юлия Путинцева 23-тен 22-ші орынға көтерілді. Жібек Құламбаева болса бір саты төмендеп, 320-орынға жайғасты. Жарақатынан кейін үлкен спортқа қайта оралған Зарина Дияс 335-орында тұр.
Жұптық сында өнер көрсететін теннисшілердің де рейтингі жаңарған. Бұл санатта Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 18-сатыға көтерілді. Бұған дейін ол 19-орында тұрған.