Ол былтырдан бері сәтсіз өнер көрсетіп келеді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өзінің корттағы мықты және әлсіз тұстарын атап, қазақ қыздарына жігер беретін үндеу жолдады.
Елена WTA-ның жаңа ребрендингіне арналған видеода өзінің бойындағы қасиеттер туралы ашық айтты.
«Мен кортта болғанда, өзімнің ең мықты бабыма енемін. Жеңіске жету үшін көп еңбек ету, жанкештілік пен психологиялық тұрғыда мықты болу қажет. Егер өзімді үш сөзбен сипаттасам: сабырлы, жігерлі және шешімдімін. Мен жас спортшыларды, әсіресе қазақстандық қыздарды шабыттандырғым келеді. Бұл – мен үшін өте маңызды», – деді Елена.
Айта кетейік, Рыбакинаның былтырдан бері жолы болар емес. Жыл басталғалы отандасымыз үш турнирге қатысып, оның бәрінде жеңілді. Ал, өткен жылы денсаулығына қатысты онға жуық турнирді соңына дейін жалғастыра алмады.