Финалдық кездесу өте тартысты өтті
Қазақстандық теннисші Ахмади Мақанов Швеция астанасы Стокгольмде өткен 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Қазақстандық теннисші Ахмади Мақанов Швеция астанасы Стокгольмде өткен 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Tennis Europe 14&U Kungens Kanna & Drottningens Pris турнирінде чемпион атанды. супер турнирінде чемпион атанды.
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Ахмади Мақанов ширек финалда Tennis Europe рейтингінде 2-орында тұрған грекиялық Рафаэль Пагонисті 6:4, 6:2 есебімен жеңіп, турнирдің жартылай финалына шыққан.
Жартылай финалда отандасымыз рейтингте 4-орында тұрған украиналық Юрий Столяровты 6:2, 6:4 есебімен жеңді.
Ал, финалда француз Самуэль Дакансені 6:2, 6:7, 6:3 есебімен жеңіп, Швеция королінің кубогын жеңіп алды.
Айта кетейік, бұған дейін 2015 жылы тағы бір жерлесіміз, Тимофей Скатов дәл осы турнирде жеңіске жеткен болатын.