Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Тимофей Скатов Грекия турнирінің ширек финалына шықты

Редактор
05.03.2025, 23:16

Бұған дейін тағы бір қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-та жеңіске жеткен

ҰОК

Қазақстан теннисшісі Тимофей Скатов Грекияның Херсониссос қаласында өтіп жатқан турнирді сәтті жалғастырып жатыр.

Отандық атлет аталған сынның 1/8 финалында жеңіске жетті. Осылайша ол жұптық сайыста ширек финалға жолдама алып отыр.

Ширек финалға шығар жолда Тимофей Скатов болгариялық әріптесі Димитар Кузмановпен бірге  Александр Мерино (Аустрия) және Кристоф Негриту (Германия) жұбын жеңді. Тартысты кездесу сетке жалғасып, Скатов пен Кузманов кездесуді 7:5, 6:1 есебімен аяқтады. Енді ол жұптық сында жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

Бұған дейін тағы бір қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-та басталған Индиан-Уэллс мастерс турнирін жеңіспен бастаған болатын. Ол іріктеу жарысының финалдық кезеңіне шығып, Индиан-Уэллс турнирінің негізгі бәсекесіне жолдама алу үшін шешуші сында өнер көрсетеді.

Жарнама
Жарнама