Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Кукушкин АҚШ турнирінің іріктеу кезеңінде финалға шықты

Редактор
04.03.2025, 15:43

Отандасымыз 19 жастағы Франция өкілі Тео Папамаламисті жеңді

ҰОК

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-та басталған Индиан-Уэллс мастерс турнирін сәтті бастады. Әлемнің 166-ракеткасы саналатын отандасымыз іріктеу жарысының финалдық кезеңіне шығып отыр.

Кукушкин іріктеу сайысының жартылай финалында 19 жастағы Франция өкілі Тео Папамаламисті 2:0 есебімен жеңді. Кездесудің алғашқы сетінде 6:4 есебін тіркеген Кукушкин келесі партияда басымдықты сақтап қала алмады. Бұл сетте жас француз 7:6 нәтижесін тіркегенімен, шешуші сында отандасымыз 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Үш жарым сағатқа жуық уақыт бойы кортта шеберлік көрсеткен матчта Кукушкин 1 эйспен бірге 5 брейк-пойнтты тіркеді. Енді ол іріктеу сайысының финалында италиялық Джулио Зеппиеримен кездеседі. Әлемдік рейтингіде 394-сатыдағы Италия теннисшісінен басым түссе, Қазақстан өкілі негізгі сында ойнауға мүмкіндік алмақ.

Индиан-Уэллс турнирі 5-16 наурыз аралығында өтеді. Бәсі биік сынның жалпы жүлде қоры 19,3 млн АҚШ долларын құрайды.

Жарнама
Жарнама