Елена Рыбакина жылды жеңіспен бастады

Редактор
03.01.2024, 17:17

Ол жарыстың 1/8 финалына шықты

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустарлияда өтіп жатқан WTA 500 - Brisbane International турнирін жеңіспен бастады.

Жерлесіміз жарысты екінші айналымнан бастап, жергілікті теннисші Оливиа Гадекимен өзара мықтыны анықтаған болатын.

1 сағат 12 минутқа созылған матч Рыбакинаның жеңісімен аяқталды, есеп – 6:4, 6:1.

Келесі 1/8 финалда қазақстандық теннисші Элизе Мертенс (Бельгия) - Слоан Стивенс (США) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Материалда: