Ол жұптық сында өнер көрсетуде
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Таиландта өтіп жатқан Нонтхабури ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты. Отандасымыз аталған турнирдің 1-ракеткасы ретінде тіркелген.
Алғашқы айналымда ол грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге ширек финалда Польша өкілі Майя Хвалиньска – жапониялық Юки Наитомен сынға түсті. Қазақ-грек дуэті 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Құламбаева-Сакелларидидің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталатын болады.
Бұған дейін Брисбен турнирінде сынға түсіп жатқан Елена Рыбакина ширек финалға шыққан болатын.