Елена Рыбакина Брисбен турнирінің жартылай финалына шықты

Редактор
05.01.2024, 11:11

Ол ресейлік теннисшіні ұтты

Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралияда басталған Брисбен WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты. Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген отандасымыз ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 28-орында тұрған ресейлік Анастасия Потаповадан басым түсті.

Осыған дейін қарсыластар бір мәрте кездесіп, сол жолы ресейлік теннисші жеңіске жеткен болатын.

Бірінші сетте есеп 2:1 болған мезетте Елена брейк жасап алға шықты. Ал нәтиже 4:1 кезінде Потапова медициналық көмекке жүгінді. Бұдан кейін тағы бір брейк жасаған Елена сетті 6:1 есебімен тәмамдады. Алайда, алғашқы сеттен соң Анастасия бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Жарты сағатқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші 2 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдалана алды.

Енді Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 40-ракеткасы, чехиялық Линда Носкова мен рейтингте 58-сатыда тұрған 16 жастағы ресейлік Мирра Андреев жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Материалда: