Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакина Мадридтегі турнирді жеңіспен бастады

Редактор
26.04.2025, 09:59

Жарыстың жүлде қоры – 8,96 млн доллар

WTA

Ұзақ сәтсіздіктерден кейін кортқа қайта оралған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (№11) Мадридтегі WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады.

Жарыстың бірінші айналымында Қазақстанның бірінші ракеткасы канадалық Бьянка Адреескумен (№132) кездесіп, 6:3, 6:2 есебімен ойсырата жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 18 минутқа созылды. Рыбакина осы уақытта үш эйс жасап, екі рет дабл-фолға жол берді. Канадалық теннисші мүлдем эйс жаса алмады.

Рыбакинаның келесі айналымдағы қарсыласы – украиналық Элина Свитолина (№17). Матч 27 сәуірге жоспарланған.

Еске салайық, Рыбакина 2023 жылы WTA рейтингінің 4-орнына дейін көтерілген болатын. Алайда, 2024 жылдан бері ол жеңілістен көз ашпай, қазір 11-сатыға дейін төмендеді.

Жарнама
Жарнама