Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакина жаңа бапкерінің ерекше қабілеті туралы айтты

Редактор
27.04.2025, 10:42

Теннисші жаңа бапкерінің жұмысына көңілі толатынын атап өтті

ҚТФ

Әлемнің 11-ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жаңа физикалық дайындық бойынша жаттықтырушымен – биомеханика саласының маманы, италиялық Альдо Кьяримен жұмысын бастағанын айтты. Бұл туралы Championat.com сайты жазды.

«Иә, біз Майами турнирінен кейін бірлесе жұмыс істеуді бастадық. Жалпы, әзірге бәрі ұнап жатыр. Ол дайындық процесіне біраз жаңашылдықтар енгізді. Кейбір әдістер маған өте ұнады. Сонымен қатар Альдо физиотерапияны да жақсы түсінеді, өзі остеопат мамандығын да меңгерген. Сондықтан командамыздағы ішкі қарым-қатынас өте жақсы», — деді Рыбакина «Больше!» жобасына берген сұхбатында.

Теннисшінің айтуынша, жаңа жаттықтырушысы адамның дене құрылысын терең білетін маман. 

«Ол медициналық білім алған, остеопат болу үшін арнайы оқыған. Физиомен сөйлескен кезде екеуі бір тілде сөйлескендей болады, кейде тіпті олардың әңгімесін түсінбей қаламын. Бізде жақсы коммуникация орнады. Әрине, турнирлер көп болғандықтан, әлі көп дүниені үлгерген жоқпыз, бірақ жалпы жұмыс барысы көңілімнен шығады», — деп түйіндеді Рыбакина.

Жарнама
Жарнама