Сәуірде ол Мадрид турнирінің чемпионы атанған
Жібек Құламбаева латвиялық теннисші Дарья Семинистамен бірге Германияның Висбаден қаласында өткен ITF W100 турнирінің чемпионы атанды.
Шешуші матчта қазақстандық-латвиялық жұп жарыстың үшінші нөмірлі дуэті — чехиялық Джессика Малечкова мен Мириам Сконы 4:6, 6:3, 11:9 есебімен жеңді.
Жібек ITF W100 сериясындағы турнирлерде қатарынан екінші рет жеңіске жетіп отыр. Сәуір айының соңында ол италиялық Фосса Уэргомен бірге Мадридте өткен турнирде де чемпион атанған еді. Жалпы алғанда, Құламбаеваның еншісінде ITF аясында жеңіп алған 40 титул бар: олардың 35-і жұптық сында, ал 5-еуі жекелей сында.