Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық теннисшілер рейтингте төмендеді

Редактор
05.05.2025, 10:52

Александр Бублик бір сатыға түсіп, 76-орынға тұрақтады

Sarah Reed/Getty Images

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық разрядтағы әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады.

Жекелей сын бойынша рейтингтің көшін италиялық Янник Синнер бастап тұр. Екінші орынға Германия өкілі Александр Зверев жайғасса, үшінші орында — испандық Карлос Алькарас.

Қазақстандық теннисшілердің позициясы бұл жолы төмендеді.

Александр Бублик бір сатыға түсіп, 76-орынға тұрақтады.

Александр Шевченко бес орынға құлдырап, 97-орыннан көрінді.

Дмитрий Попко — 8 сатыға шегініп, 163-орында,

Михаил Кукушкин — 3 орынға түсіп, 165-орында,

Тимофей Скатов — 9 орынға сырғып, 181-орында тұр.

Жұптық разрядта рейтингтің көшбасында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Сальвадорлық Марсело Аревало мен хорватиялық Мате Павич әлі де бірінші орынды бөлісіп келеді. Финляндиялық Харри Хелиоваара үшінші орында.

Қазақстандық Александр Недовесов бұл санатта 12 сатыға төмендеп, 121-орынға түсті. Ал Александр Бублик, керісінше, екі орынға көтеріліп, 127-орынды иеленді.

Жарнама
Жарнама