Теннисшінің жартылай финалдағы қарсыласы әзірге белгісіз
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан ITF W35 халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты.
Ширек финалда Зарина турнирдің бірінші ракеткасы — аустралиялық Лизетт Кабрерамен кездесті. Қарсыласы мықты болғанына қарамастан, қазақстандық спортшы үш сетке созылған матчта 6:2, 3:6, 6:2 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Енді отандасымыз финалға шығу үшін күш сынасады.