Келесі айналымда ол француз теннисшісімен кортқа шығады
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (ATP рейтингінде 188-орында) Australian Open турнирінің іріктеу кезеңінде жеңіске жетті.
Бірінші айналымда отандасымыз аустралиялық Николас Кикермен (511-орын) кездескен болатын. Бейбіт алғашқы сетті 6:1 есебімен ойсырата жеңсе, екінші сетте 6:4 есебі тіркелді.
Бір сағат 18 минутқа созылған бәсекеде Жұқаев 10 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Келесі айналымда жерлесіміз әлемнің 99-ракеткасы, франциялық Хьюго Гастонмен шеберлік байқасады.