Ширек финалда ол италиялық Лоренцо Музеттимен кездеседі
Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалына шықты.
Екінші айналымда жерлесіміз Ұлыбританиядан келген Даниэл Эванспен кездескен болатын. Үш сетке созылған матчтың бірінші кезеңінде британ теннисшісі 6:4 есебімен жеңіске жеткен. Қалған екі сетте Бублик 6:2, 6:1 есебімен басым түсті.
Ширек финалда Қазақстан теннисшісі италиялық Лоренцо Музеттимен кездеседі. Бұл матч 11 қаңтарға жоспарланған.