«Адам сенгісіз»»: Александр Бублик Янник Синнер туралы қызықты оқиға айтып берді

Редактор
03.06.2025, 12:58

Екі теннисші осы уақытқа дейін кортта төрт рет жолыққан

championat.com

Әлемдік рейтингте 62-орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнермен қарым-қатынасы жайлы қызықты сәтті есіне алды.

Екі теннисші осы уақытқа дейін кортта төрт рет жолықса, соның біреуінде – 2023 жылы Галледе өткен турнирде ғана Бублик жеңіске жеткен. Ал 4 маусым күні өтетін Франция ашық чемпионатының ширек финалында олар тағы да кездесетін болады.

«Ол алғаш рет мені Дубайда жеңді, содан кейін Майамидегі ширек финалда тағы басым түсті. Сол кезде мен оған: «Сен сияқты жап-жас бола тұрып, осыншалықты керемет ойнау мүмкін емес қой. Бұл адам сенгісіз дүние», – дедім. Содан бері қарым-қатынасымыз жақсы. Бұл жолы да тамаша матч болады деп үміттенемін», – деді Бублик Sky Sport Italia-ға берген сұхбатында.