Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді жеңді

Редактор
Бүгін, 01:06

Қазақстандық теннисші дәл осы турнирді 2023 жылы да жеңіп алған болатын

Getty Images

Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Галле (Германия) ATP 500 турнирінде сенсация жасады. Отандасымыз екінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнерді 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, тарихи нәтиже тіркеді.

Айта кету керек, жуырда ғана «Ролан Гаррос» турнирінде қос теннисші ширек финалда кездесіп, Синнер Бубликті үйіне қайтарған болатын. Бұл жолы қазақстандық спортшы реванш алды деуге болады.

Енді үшінші айналымда Бублик чехиялық Томаш Махачпен кортқа шығады. Ол — аталған турнирдің 7-ракеткасы.

Үшінші айналымға өткен үшін Бублик 69 100 еуро жүлде мен 100 ATP рейтингілік ұпайын иеленді.

Қазақстандық теннисші 2023 жылы Галледе жеңімпаз атанса, өткен жылы екінші айналымнан аса алмаған еді.