Енді ол турнирдің жетінші нөмірлі қатысушысы — чехиялық Томаш Махачпен кездеседі
Әлемнің бірінші ракеткасы – италиялық Янник Синнерді жеңген қазақстандық Александр Бублик осы жетістігіне қатысты пікір білдірді.
Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің екінші айналымында әлемнің 45-ші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Бублик Синнерді 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңген еді.
«Бұл жеңіске тек өз соққымның арқасында жеттім бе? Шынымды айтсам, білмеймін. Бір білерім, өз мүмкіндігімді бағамдадым. Ол өз соққысында өте мықты екенін білемін, сондықтан маған да соққыларымды діттеген жеріне жеткізу керек болды. Әр матчта жеңіске жетуге мүмкіндік бар ғой. Үшінші сеттегі брейк кезінде форхэндім сәтті шықты. Сонан соң өзім соққы жасап отырдым. Себебі шөп төсеніште өз соққыларыңа ие болмасаң, жеңіске жету қиын. Шамам жеткенше оған қиындық туғызуға тырыстым және ойым жүзеге асқанына қуаныштымын», - деді Бублик Tennis TV-ге берген сұхбатында.
Галледегі турнирдің ширек финалында Бублик әлемнің 23-ракеткасы, турнирдің жетінші нөмірлі қатысушысы — чехиялық Томаш Махачпен кездеседі.
Бублик үшінші айналымға өткені үшін 69 100 еуро жүлде мен 100 ATP рейтингілік ұпайын иеленді. Қазақстандық теннисші 2023 жылы Галледе жеңімпаз атанса, былтыр екінші айналымнан аса алмаған еді.