Бұл Зарина үшін ITF аясындағы 12-титул болды
Қазақстандық теннисші Зарина Диас (WTA рейтингінде 275-орын) Испанияның Таусте қаласында өткен ITF W35 санатындағы турнирдің чемпионы атанды.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалға дейін іркілмей жетті.
Соңғы бәсекеде Зарина әлемдік рейтингіде 446-орында тұрған италиялық Дилетта Керубинимен кездесті. ойын 6:1, 6:7 (4:7), 6:1 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді.
Бұл Зарина үшін ITF аясындағы 12-титул болды.
Сондай-ақ ол бұған дейін WTA 250 санатындағы бір турнирде жеңіске жеткен.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Германиядағы жарыстың жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.