Аталған турнирде ол төрт рет сенсация жасады
Германияның Галле қаласы Қазақстанның бірінші ракеткасы – Александр Бублик үшін тағы да сәтті жерге айналды: ол беделді ATP 500 санатындағы Terra Wortmann Open турнирінің осымен екі дүркін жеңімпазы атанды.
Жарыс финалында Бублик ресейлік Даниил Медведевті 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңіп кетті. Естеріңізде болса, отандасымыз бұл турнирде бұған дейін де жеңіске жеткен, атап айтқанда, 2023 жылы ол финалда өзге ресейлік теннисші Андрей Рублёвті ұтқан болатын.
Бұл жеңіс Бублик үшін 2025 жылғы маусымдағы алғашқы және мансабындағы бесінші ATP титулы болды. Бұған дейін ол мына турнирлерде чемпион атанды:
Сонымен қатар, мамыр айында ол Италияның Турин қаласында өткен «челленджер» жарысында да жеңіске жеткен еді.
Галледегі турнир барысында Бублик төрт рет сенсация жасап, әлемнің үздік теннисшілерін тізе бүктірді: италиялық Янник Синнер (1-орын), чех Томаш Махач (23-орын), ресейліктер Карен Хачанов (21-орын) пен Даниил Медведев (11-орын).