Қазақстандық теннисші грек спортшысымен жанжалдасты

Редактор
23.06.2025, 10:59

Грек теннисшісі Мария Саккари Юлия Путинцевамен сөзге келіп қалды

Championat.com

Әлемнің 86-ракеткасы, грек теннисшісі Мария Саккари Германияның Бад-Хомбург қаласында өтіп жатқан WTA-500 турнирінің бірінші айналымындағы матчтан кейін қазақстандық Юлия Путинцевамен (рейтингте 27-орында) болған жанжалға қатысты пікір білдірді.

Бұл кездесуде Мария 7:5, 7:6 (8:6) есебімен Юлиядан басым түсті.

— Ол сені кешкі асқа шақырды ма, не болды өзі?

— Ол мені кешкі асқа шақырады деп ойламаймын. Шынымды айтсам, маған бәрібір. Керемет достарым бар, кешкі асты солармен ішемін. Бұл тақырыпты осымен жабайықшы. Мен оны ойыншы ретінде құрметтеймін, бары осы ғана, — деді Саккари корттағы сұхбат кезінде.

Еске сала кетейік, матч соңында теннисшілер бір-біріне қол бергенімен, Саккари Юлияға бірдеңе айтып, ал оған жауап ретінде Путинцева Марияның алдында тағзым еткен кейіп танытты. Осыдан соң Мария Юлияға жақындап, екеуінің сөзге келіп қалғанын көруге болады.