ATP рейтингінің көш басына италиялық Янник Синнер жайғасқан
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өткен ATP 500 турнирінде жеңіске жетті.
Финалда ресейлік Даниил Медведевті 6:3, 7:6 есебімен ұтқан Бублик ATP рейтингінде бірден 15 сатыға көтеріліп, 30-орынға жайғасты. Айта кетейік, жартылай финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы тағы бір ресейлік Карен Хачановты үш сет қорытындысы бойынша жеңген болатын.
Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко рейтингте 97-орында тұр.
ATP рейтингінің көш басына италиялық Янник Синнер жайғасқан. Екінші орынды испаниялық Карлос Алькарас иеленсе, үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндейді.