Турнирдің негізгі кезеңі 30 маусым мен 13 шілде аралығында Лондонда өтеді.
Лондонда (Ұлыбритания) 2025 жылғы Уимблдон турнирінің жеребесі тартылды. Қазақстандық теннисшілердің жарыстың негізгі кезеңіндегі алғашқы қарсыластарын анықталды.
Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (ATP рейтингінде 30-орын) алғашқы айналымда Испания өкілі Хауме Муньярмен (54-орын) кездеседі. Екінші нөмірлі теннисшіміз Александр Шевченко (97-орын) америкалық Рейлли Опелкамен (72-орын) күш сынасады. Бейбіт Жұқаевқа (251-орын) алғашқы кезеңде әлемнің 24-ракеткасы — италиялық Флавио Коболли қарсылас атанды.
Ерлер арасында Уимблдонның қазіргі чемпионы — испаниялық Карлос Алькарас. Ал әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 11-орын) алғашқы матчта армениялық Элина Аванесянмен (49-орын) ойнайды. Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева (34-орын) америкалық Аманда Анисимовамен (13-орын) кездеседі.
Әйелдер арасында Уимблдонның қазіргі жеңімпазы — чехиялық Барбора Крейчикова. Биылғы турнирдің жүлде қоры рекордтық деңгейге жетіп отыр — 53,5 миллион фунт стерлинг. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 миллионға көп.
Қазақстандық Анна Данилина Уимблдон турниріне жұптық және аралас сында қатар бақ сынайды. Оның алғашқы қарсыластары кейінірек белгілі болады.
Турнирдің негізгі кезеңі 30 маусым мен 13 шілде аралығында Лондонда өтеді.