Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Үндістанда әкесі теннисші қызын атып өлтірді

Редактор
Бүгін, 14:04

Әкесі қызының қысқа видео түсіруге тым әуестеніп кеткеніне ашуланған

ntdv.com

Үндістанда 25 жастағы теннисші Радхика Ядавты өзінің әкесі атып өлтірген.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, бойжеткен әкесімен кіріске байланысты сөзге келіп қалған.

Спортшы алған жарақаттан ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.

Үндістандық БАҚ тұрмыстық мәселеге қатысты екеуара дау туындағанын жазды. Әкесі қызының әлеуметтік желіде тым белсенділік танытып, қысқа видео түсіруге тым әуестеніп кеткеніне ашуланған.

Алайда тергеушілер бұған көптен бері ушығып келе жатқан жайт себеп деп отыр. Әкесіне Радхиканың теннис академиясын өзі басқаратыны ұнамайды екен, өйткені туыстары мен көршілері ер адамды «қызыңның табысына ғана қарап отырсың» деп жиі сынайтын көрінеді. Билікке таласқан әке мен қыздың арасындағы кикілжің ақыры өліммен аяқталды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: