Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

17 жастағы қазақ теннисшісі Уимблдонның ширек финалына шықты

Редактор
10.07.2025, 09:41

 Әмір Омарханов ресейлік Егор Плешивцевпен бірге маңызды жеңіске қол жеткізді

ҚТФ

Қазақстандық жас теннисші Әмір Омарханов Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты. 17 жастағы отандасымыз ресейлік Егор Плешивцевпен бірге маңызды жеңіске қол жеткізді.

Әмір мен Егор турнирдің екінші нөмірлі жұбы – Якопо Вазами мен Тимофей Дерепасконы айқын басымдықпен жеңді. Кездесу 6:3, 6:2 есебімен аяқталды.

Енді олар жартылай финалға шығу үшін Криш Тьяги мен Доиг Коннор жұбымен 10 шілдеде кортқа шығады.

Айта кетейік, қазақстандық тағы бір жұп Заңғар Нұрланұлы мен Дамир Жалғасбай 1/8 финалда жеңіліп қалды. Олар тартысты матчта Джаггер Лич пен Оливер Бондингке 3:6, 6:4, 8:10 есебімен есе жіберді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама