Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Украина теннисшісі Арина Соболенкомен қол алысудан бас тартты

Редактор
19.01.2024, 10:32

Мұндай жайт алғаш рет болып отырған жоқ

j48tennis

Аустралия ашық біріншілігінде өнер көрсетіп жатқан беларус қызы Арина Соболенко (WTA рейтингінің 2-сатысында) жарыстың үшінші айналымында украиналық Леся Цуренкомен кездесіп, 6:0, 6:0 есебімен ойсарата жеңді.

Матч аяқталғаннан кейін украин теннисшісі қарсыласымен қол алысудан бас тартқан.

«Бұл алғаш рет болып тұрған жоқ, жарыстарда біраздан бері болып тұрады. Мен оған ренжімеймін, оның ұстанымын құрметтеймін. Қолымды алмаса да «жақсы ойнадың» деп құрметін көрсетіп кетті. Мен мұны бағалаймын», - деді Соболенко ойыннан кейінгі пресс-конференцияда.

Айта кету керек, 2022 жылы Ресей әскері Украинаға басқыншылық соғысын бастап, Беларусь Республикасы Путин режиміне көмектескен болатын. Содан бері спорттық жарыстарға аталған екі елдің өкілдері ресми қатыстырылмайды.

Жарнама
Жарнама