Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Өзімді жайсыз сезіндім»: Елена Рыбакина Ресей теннисшісінен жеңілуінің себебін айтты

Редактор
19.01.2024, 11:24

Былтырғы Australian Open турнирінде Елена Рыбакина финалға дейін жетіп, беларус теннисшісі Арина Соболенкодан жеңіліп қалған болатын

Қазақстан теннис федерациясы

Australian Open турниріне фаворит болып барып, екінші айналымнан әрі аса алмаған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жеңілісінің себебін түсіндірді. Оның сөзінше, жарысқа шығар күні ол өзін жайсыз сезінген.

Айта кетейік, Рыбакина Аустралия ашық біріншілігінің екінші айналымында ресейлік Анна Блинковамен кездесіп, 4:6, 6:4, 6:7 (20-22) есебімен жеңіліп қалды. Қазақстандық теннисші мұндай ұзақ тай-брейк бұрын-соңды ойнамағанын да айтып отыр.

«Иә, менің жеңетін мүмкіндіктерім болды, бірақ кейде сәттілік жетіспеді, мен жеңілдім. Мен өз теннисімді ойнаған жоқпын, бұдан да мықты ойнауыма болатын еді. Келесіде бұлай болмайды деп үміттенем.

Үнемі мінсіз ойнай алмайсың, мен бұдан ерте жеңіліп қалуым да мүмкін еді. Өте ауыр ойын болды, жалпы теннистің өзі ауыр спорт.

Кейде таңертең тұрғанда өзіңді жайсыз сезінесің. Бірақ, өзіңді жеңіп жұмысыңды істеуің керек. Мен кортқа шықтым, соңына дейін күрестім. Егер ойнай алмайтындай халде болсам кортқа шықпас едім», - деді Рыбакина матчтан кейін болған баспасөз конференциясында.

Еске салайық, былтырғы Australian Open турнирінде Елена Рыбакина финалға дейін жетіп, беларус теннисшісі Арина Соболенкодан жеңіліп қалған болатын.

Жарнама
Жарнама