Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакинаны жеңген Анна Блинкова да Australian Open турнирін жеңіліспен аяқтады

Редактор
20.01.2024, 12:50

Ол екінші сетте бес гейм қатарынан жеңілді

Cameron Spencer / Getty Images

Australian Open турнирінде өнер көрсетіп жатқан ресейлік Анна Блинкова (WTA рейтингінде 57-орын) Италия теннисшісінен жеңіліп, жарысты үшінші айналымда аяқтады.

Айта кетейік, Блинкова екінші айналымда Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны жеңіп, жарыстың сенсациясын жасаған болатын.

Бүгін турнирдің 1/16 финалында ресейлік теннисші италиялық Ясмина Паолинимен (31-орын) кездесіп, 7:6, 6:4 есебімен жеңілді. Екінші сетте Блинкова 3:0 және 4:1 есебімен жеңіп тұрған. Алайда, қатарынан бес гейм жеңіліп, жарысты аяқтауға мәжбүр болды.

Енді Паолини тағы бір ресейлік теннисші Анна Калинскаямен кортқа шығады. 

Жарнама
Жарнама